«ҚазАвтоЖол»: Республикалық жолдар қысқа 96% дайын
Республикалық маңызы бар автожолдар қысқа 96 пайыз дайын. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі жылда жол қызметтерінің техника паркіне екі мыңға жуық жаңа техника алынған. Сонымен қатар қысқы маусымға қажетті материалдар қоры жасақталған. Соңғы үш жылда қар басу қаупі жоғары жолдардың ұзындығы 400 шақырымға қысқарды. Жол қызметтері ауа райы күрт нашарлаған жағдайда тәулік бойы жұмыс істеуге дайын. Қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге жылдам көмек көрсету амалдарына ерекше көңіл бөлініп келеді.
Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Астана – Теміртау ақылы жолында жедел жол көмегі қызметі пилоттық тәртіппен іске қосылды. Жолды патрульдеу және жүргізушілерге техникалық көмек көрсету үшін арнайы жабдықталған екі автокөлік бөлінген. Жоба басталғалы 162 жүргізушіге көмек көрсетілді. Бұл қызметтің қыс мезгіліндегі маңызы ерекше.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы