Басты Жаңалықтар Ақсу – Дегелең — тәуелсіз елдің тұңғыш магистралі

Ақсу – Дегелең — тәуелсіз елдің тұңғыш магистралі

Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында салынған Ақсу – Дегелең теміржол магистраліне биыл 25 жыл. Павлодар мен Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын қосқан желінің ұзындығы 187 шақырым. Нәтижесінде осы бағыттағы жүк тасымалдау шығыны 20% азайды. Павлодар -Семей-Алматы арасында жол жүру уақыты 12 сағатқа дейін қысқарды. Жаңа телім ашылғанға дейін Павлодардан Семейге бару үшін шекараны кесіп, Ресейдегі Құлынды, Локоть станциялары арқылы айналып жүруге тура келетін еді. Енді пойыздар тікелей қатынайды. Ақсу-Дегелең магистралінің  құрылысымен қатар  4 жаңа станция, Ертіс-Қарағанды каналы арқылы жаңа көпір, магистраль жұмысын қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық ғимараттар салынды. 200-ге тарта жаңа жұмыс орындары ашылды. Семей ядролық сынақ полигоны жабылған соң тоқырап қалған Конечная станциясы өзінің тарихи Дегелең атауын қайтарып, қайта түледі.

Рашид Жапишев, Көктөбе станциясының механигі:

Осы 25 жылдың ішінде неше түрлі өзгерістер болды. Жаңадан құрылыстар салып жатыр. Жұмыскерлер алып отыр. Біздің Май ауданының экономикасын көтеруге өзінің пайдасын тигізіп отыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін осы теміржол саласы үлкен бір құрылыс атанды.

Бөлісу