Басты Жаңалықтар Қазақстанның халықаралық резервтері 45,4%-ға өсті

Қазақстанның халықаралық резервтері 45,4%-ға өсті

Қазақстанның халықаралық резервтері Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғанда соңғы жеті жылда 45,4 пайызға өсіп, 129,3 миллиард долларға жетті. Сарапшылар мұны ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды қаржылық негіздердің бірі деп бағалайды. Өйткені резервтердің жеткілікті болуы ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтауға және әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы кезеңде шикізаттық емес өнімдер экспорты 40 пайызға артқан. Бұл экономиканы әртараптандыру бағытындағы өзгерістерді көрсетеді. Мамандардың айтуынша, ел дамуы үшін қысқа мерзімді өсімнен гөрі, экономиканың тұрақты негізін қалыптастыру маңызды.

Бақытгүл Хамбар, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылықтың директоры:

Халықаралық резервтегі біздің қорымыздағы қаражаттың көлемі өсетін болса, бұл экономиканың тұрақтануына және біздің валютамыздың әрі қарай нығаюына тікелей әсер етеді. Ал бұған әсер ететін негізгі факторларға келер болсақ, бұл жерде енді сыртқы сауда айналымындағы біздің еліміздің айтарлықтай жақсы нәтижесінің әсері деп ойлаймын. Қазіргі кезде өңдеуші өнеркәсіптің дамуына бет алды. Мысалы, 7 жылдың ішінде шикізаттық емес өнімдердің экспорты 40%-ға дейін өсті.

Бөлісу