Басты Жаңалықтар Тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көліктеріне арнайы орын бөлінеді

Тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көліктеріне арнайы орын бөлінеді

Енді тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көліктеріне арнайы орындар белгіленуі мүмкін. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз жетуін қамтамасыз ету мақсатында заңға түзетулер әзірлеп жатыр. Министр Мұрат Мұхановтың айтуынша, өрт шыққан кезде жолды бөгеу жағдайлары жиі кездеседі. Енді бұл заңдағы өзгерістер автокөліктерді тұраққа қою тәртібін реттеуді және жедел қызмет көліктеріне арналған арнайы орындар бөлуді көздейді. Қазіргі уақытта министрлік Ішкі істер органдарымен бірлесіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кіріскен.

Мұрат Мұханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Тек өрт сөндіру емес, жедел жәрдемге де орын керек. Сондықтан қазіргі таңда заң жобаларына ұсыныстар енгізілді. Жолды бұғаттамау, сосын аулаға өрт сөндіру автокөлігін қоятын орын. Бұрын бізде болмаған. Қазіргі таңда сол нормаларды енгіздік.

Бөлісу