Президент: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды
«Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайында қазақ тілін дамыту өзге тілдердің дамуына кедергі еместігін айтты. Біртұтас халқымызды бөліп-жаруға мүлдем болмайды. Өз тұтастығын сақтай алмаған халық басқаларға үлгі-өнеге көрсете алмайды, басқа елдердің құрметіне ешқашан ие болмайды деді.
Алла Платонова, қоғам белсендісі:
Негізі мемлекеттік тілге деген көзқарас бұл ең бірінші адамның өзіне байланысты деп білемін. Енді біз қазақ жерінде туып-өскендіктен, осы жерде қызмет етіп жүргендіктен, мемлекеттік тіліміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек деп ойлаймын. Мұны мен қызыл сөзді құлпырту үшін айтып отырған жоқпын. Бұл - менің азаматтық ұстанымым. Мен қайда жүрсем де, мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесімді қосып жүремін.
Владислав Тен, қазақ тілін үйренуге арналған авторлық әдістемелер мен жобалардың авторы:
«Нестеп жатсың?» деген қалай жазылады? «Не істеп жатырсың» деп жазылады. «Р» түсіп қалады, сосын «жатсың» болады. Сосын «Ж» түсіп қалады, «атсың» болады. «Нестепатсың». Бұл - ғылым. Бірақ ең маңызды фактор. Бұл теория. Ең маңызды фактор – қазақты сүю керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы