«Интернет үш айға өшеді» деген хабар жалған
17 қарашада жаһандық кибершабуыл болып, интернет үш айға өшеді. Хакерлер әлемдегі ірі банктердің жүйесін бұзып, клиенттердің шоттарындағы ақшаны жояды. X әлеуметтік желісінде Wesley лақап атымен тіркелген қолданушының жазбасы жұртты әбден әбірге салды. Десе де бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен бірге, 3 күнге жететін азық-түлік сатып алып, төтенше жағдайға қамдану туралы хабарлама да жалған. Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының мамандары ақпаратты тексеріп, оның негізсіз екенін жариялады. «Қазақтелеком» компаниясы болса, желінің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Мамандар кез келген күмәнді хабарламаны бөліспес бұрын, алдымен оның авторын және ресми дереккөздерде жарияланғындығын тексеруге шақырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы