Басты Жаңалықтар Қазақ тіліндегі балалар фильмдері мен ойындарға мемлекеттік қолдау артады

Қазақ тіліндегі балалар фильмдері мен ойындарға мемлекеттік қолдау артады

Қазақ тіліндегі балаларға арналған фильмдер мен ойындарға мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетілуі тиіс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Х съезінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы ғылым, технология, мәдениет, кәсіпкерлік, спорт және басқа да өзекті тақырыптар бойынша сапалы өнім әзірлеген жөн екенін айтты. Ал отандық кәсіпкерлерді қазақ тілін дамыту бастамаларын қаржылай қолдауға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Адам қай тілде ақпарат іздеп, фильм көріп, білім алса, сол тілдің әлеуеті күшейе түсетіні анық. Сондықтан цифрлық кеңістікте қазақ тіліндегі сапалы әрі тартымды өнімдерді көбейту – аса маңызды міндет. Әсіресе қазақ тілін өздігінен үйренуге мүмкіндік беретін ІТ-өнімдер, балалардың тілін дамытуға арналған фильмдер мен ойындар көп болуы қажет. Жалпы, осындай жобаларға мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсету қажет.

Бөлісу