Қазақстандықтар қайда демалады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар қайда демалады?

26.07.2018

Қазақстандықтар Түркия, Мысыр, Қытай елдеріне көбірек саяхаттағанды құп көреді. Отандастар арасында теңіз жағалауындағы демалыс өте танымал. Өткен жылы 290 мың қазақстандық кезекті еңбек демалысын шетелде өткізсе, биыл тек жарты жылдың өзінде 300 мыңға жуық адам осы мақсатпен жыраққа шыққан. Биыл әсіресе, Мысырға туристік жолдама алу 30 пайызға өскен. Ал, сапар құнының орташа бағасы – 300-500 АҚШ доллары аралығында. Түркияға жолдама құны - 500 доллар шамасында.

Қазақстандықтар, сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктері, Сочи, Мальдив аралдары, Грузияға көбірек құмар. Айта кетейік, заң бойынша демалушылар өз қауіпсіздігі үшін туркод алуға міндетті. «Туристік Қамқор» қорының мәліметінше, бір жылдың ішінде 460 мыңнан аса қазақстандыққа туркод берілген.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу