Ақтөбеде «қара алтынды» заңсыз өндірген зауыт анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «қара алтынды» заңсыз өндірген зауыт анықталды

26.07.2018

Өнім өңірдегі мұнай-кен орнынан жалған кұжаттар арқылы шығарылып, кәсіпорынға жеткізіліп отырған. Мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеумен айналысқан зауытқа қатысы бар барлық адамдар қолға түсті, делінген құзырлы орын таратқан хабарламада. Осыдан екі күн бұрын жүргізілген жедел тексеру жұмыстары барысында 150 тоннадан астам тауар тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Дәрия Болгарина, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыру қаржы басқармасының бас маманы:

- Мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын заңсыз зауытқа қатысты 10 адам ұсталды. Тәулігіне 10 тоннадан астам мұнай өнімдерін өндіріп, жеке және заңды тұлғаларға өткізген. Тергеу барысында 150 тоннадан астам мұнай өнімдері тәркіленді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 197-ші бабының 4-ші тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу