Алматыда көлік кептелісін азайту үшін орталық көшелердегі жол қозғалысына өзгеріс енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көлік кептелісін азайту үшін орталық көшелердегі жол қозғалысына өзгеріс енгізілді

26.07.2018

Алматыда көлік кептелісін азайту үшін орталық көшелердегі жол қозғалысына бірнеше өзгеріс енгізілді. Енді көлік жүргізушілері 8 көшемен тек бір бағытта жүреді.

«Бұл жоба жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді», - дейді мамандар. Жалпы, алып шаһарда жыл өткен сайын көлік саны көбейіп, қозғалыстың қиындап келе жатқандығын тұрғындар жиі айтады. Мәселен, қазір қалада ресми түрде 550 мың көлік тіркелсе, сырттан күніне 250 мыңнан аса машина кіреді. Сондықтан, кептелісті болдырмау үшін аспалы көпірлер мен бір бағыттағы жолдарды көбейту жоспарда бар. 

Данияр Әшімов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:

- Сегіз көшеге бір бағытта ғана жол қозғалысын жүргізу биыл қабылданды. Бұл Шарипов, Мұратбаев, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Қарасай батыр, Жамбыл, Гоголь және Мақатаев көшелері. Қабанбай батыр, Мақатаев, Гоголь көшелерінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ ашылады. Осы көшелерде кептеліс 40 пайызға төмендейді деп есептейміз.     

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу