Басты Жаңалықтар Атырауда билет сатқан жолсеріктердің ісі әшкере болды

Атырауда билет сатқан жолсеріктердің ісі әшкере болды

Атырауда билетсіз жолаушыларды заңсыз тасымалдамақ болған жолсеріктердің ісі әшкере болды. Нақтырақ айтсақ, арнайы бақылау тобы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, Атырау темір жол вокзалында жолаушылар тасымалының сапасын тексерген. Бірнеше бағыттағы пойыз вагондарына билет сату деректері мен делдалдарды анықтау үшін «жасырын сатып алушы» әдісі қолданылған. Нәтижесінде біраз былықтың беті ашылды. Мәселен, «Атырау - Маңғышлақ», «Ақтөбе - Маңғышлақ», «Атырау - Алматы» бағыттары бойынша кассаларда билет  болмағанымен, пойыздарда бос орындардың бар екені анықталды. Сонымен қатар, тексерушілер «Атырау - Алматы» бағытымен Шымкентке жету үшін 10 мың теңгенің билетін 20 мың теңгеге сатып жатқан жолсеріктің үстінен түсті.

Сәуле, жолаушы:

- Билет жоқ. Екі үш күн болды Ақтауға кете алмай жүрмін. Билет жоқ, болмаса ұшақпен кетеміз. Бірақ, ұшаққа билеттің бағасы қымбат - 40 мың, балаға 15 мың.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу