Қызылордада жаңа босанған аналар сәбиін балабақша кезегіне перзентханадан шықпай тұрып қоя алады
Қызылордада жаңа босанған аналар перзентханадан шықпай тұрып-ақ, сәбиін балабақша кезегіне қоя алады. Бұл «Мобильді гов» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін мобильді базаға тіркелген ата-ана смс арқылы өтінім жібереді. Балаға жәрдемақыны тағайындау ісінде де дәл солай. Тек, банк картасының 20 белгіден тұратын шот нөмерін толтыру керек. Проактивті қызмет халыққа өте тиімді әрі ыңғайлы.
Ақнұр Жағыпарова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» ҚОФ PR менеджері:
- Облыс бойынша 4 мыңнан астам ана осы «М-гов» базасына тіркеліп, 3 921 ата-ана босанғаннан кейін СМС хабарламалар алды. Оның 3 мыңнан астамы баласының туу туралы куәлігін осы проактивті тәсілмен қолына алып жатыр. Оның ішінде 2200-і балабақшаға осы бастан тіркеліп қойды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы