Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

22.06.2018

Лауазымды орынға осыған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Әліпбек Өсербаев жайғасты. Жаңа әкімді таныстырған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қала басшылығына осынау тарихи кезеңде үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтты.

Түркістан қаласының тізгінін қолға алған Әліпбек Өсербаев мамандығы бойынша инженер, химик-технолог. Еңбек жолын Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауыттың машинисті ретінде бастаған.

Сондай-ақ, бұған дейін әкімшілік құрылымда түрлі қызмет етті және Кентау, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болды. Облыс әкімі шаһар басшысына Түркістанды дамытуға  байланысты нақты тапсырмалар берді. 

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі:

- Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етсін. Қала бюджетінің кіріс бөлігін арттыру. Шағын және орта бизнесті дамыту. Жаңа өндіріс орындарын ашу. Ауыл шаруашылығына инвестиция мен техникаларды тарту. Туризм бойынша ұзақ мерзімді жоспар жасау. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу