Бұл туралы «Қазақстан қор биржасының» KASE STARTUP алаңының тұсаукесерінде талқыланды. Қазақстанның үздік стартап командалары өздерінің ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларын ұсынды. Мұнымен қоса, инвесторлар мен кәсіпкерлер тың идеялармен танысып, түрлі сауалдарға жауап алды. Стартап жобалар виртуалды шынайылық, жасанды интеллект және «маркетплэйстер» сынды бағыттарға арналған. Іс-шараның басты мақсаты - еліміздегі кәсібін енді бастаған компанияларды қаржыландырудың оңтайлы әдістерімен таныстыру.
Евгений Мухамеджанов, «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарушы директоры:
- Біріншіден, кәсіпкерлерге стартап алаңының тәжірибесі мен мүмкіндіктері жайлы айтып беру. Ол үшін кәсіпкерлерге берілетін ақпарат мейлінше қарапайым түрде жеткізілуін қамтамасыз ету. Бұл қазіргі уақытта кездесе бермейтін жайттардың бірі. Ал, «Қазақстан қор биржасы» оңтайлы әдістерді ұсынуымен ерекшеленеді.
Әйгерім ШАЯХМЕТОВА
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.