Басты Жаңалықтар Мемлекеттік қызметкер адал қызмет етуі тиіс

Мемлекеттік қызметкер адал қызмет етуі тиіс

Мемлекеттік қызметкер ең алдымен халыққа адал қызмет етуі тиіс. Ол кез келген мәселенің күрмеуін шеше білу керек. Әділдік пен ашықтықты басты ұстаным еткен жөн. Өйткені мемлекеттік қызметтің сапасы нақты нәтижемен өлшенеді.

Мемлекеттік қызметтегі басты талаптың бірі тұрғындармен тұрақты байланыс орнату. Халықтың өтінішін тыңдап, мәселесін шешу. Шемонаиха ауданының сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі Данияр Алтынбеков осылай дейді. Ол осы салада үш жылдан бері еңбек етіп жүр. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң GPA көрсеткіші жоғары болып, мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданған. Қазір облыс орталығында кәсіби біліктілігін арттыру курсынан өтуде.

Данияр Алтынбеков, Шемониха ауданының сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі:

Өзім қызмет атқарып жатқан сала өте зерделі, халықпен тығыз жұмыс істеуді талап ететіндіктен, күнделікті халықпен байланыста отырмын. ТҮКШ, өздеріңіз білесіздер, адамдардың әртүрлі мәселелерін кез келген уақытта шешу үшін халықпен етене араласып отырамыз.

Жыл басынан бері елімізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына 2 мыңнан астам бақылау жүргізілген. Тексеріс барысында 400 мыңға жуық заңбұзушылық анықталған. Заң талаптарын сақтамаған 627 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ержан Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысы:

Өңірде мемлекеттік қызметшілер тарапынан құрғақ уәде беруді анықтаған жоқпыз. Оған қатысты тиісті шағымдар тұрғындардан келген емес.

Жалпы, шығыста 4 мыңға жуық адам мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Қазір өңірдегі мекемелерде 150-ге жуық бос лауазым орны бар.

Бөлісу