Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы: Біртұтас халқымызды бөліп-жаруға мүлде болмайды

Мемлекет басшысы: Біртұтас халқымызды бөліп-жаруға мүлде болмайды

«Біртұтас халқымызды бөліп-жаруға мүлде болмайды». Мемлекет басшысы қоғамдық тұтастықты сақтау, өзара құрмет пен сыйластықты нығайту ел дамуының маңызды шарты екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, бірлігін жоғалтқан жұрт өзгеге өнеге бола алмайды, халықаралық деңгейде де құрметке ие болуы қиын. Сондықтан қоғамды ортақ құндылықтар төңірегінде топтастыруға басымдық берілуі керек. Бұл ретте тіл мәселесінің де қоғамдық бірлікті бекемдеудегі орны ерекше.

Сауытбек Абдрахманов, Мемлекет және қоғам қайраткері:

Тілді популизм құралына айнадырғысы келгендердің дегені болған жоқ. Қазақ тілінің басты тірегі қазақ мемлекеттілігі екенін, мемлекеттілік нығайса, мемлекеттік тіл де нығаймай қоймайтынын жұртшылықтың жүрегіне жеткіздік.

Әділетті қоғам құру тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді. Ол – әр азаматтың күнделікті әрекетінен, айналасына деген құрметі мен жауапкершілігінен көрінетін ұстаным. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» идеясын да осы тұрғыдан қарастыру қажеттігін айтты. Табиғатты таза ұстаумен қатар, қоғамдық ортадағы мәдениетті, адамдар арасындағы сыйластықты және тіл тазалығын сақтау маңызды. Президент қоғамдық тәртіпті бұзуға, өзгелерді кемсітуге, ортақ мүлікті бүлдіруге жол берілмейтінін ескертіп, құқық қорғау органдарына нақты тапсырма берді.

Алина Кан, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзіңіз бастап берген «Таза Қазақстан» жобасы мемлекеттік идеологияның бір бөлігіне айналды. Жолдауыңызда атап өткен жаңа қоғамдық әдетті қалыптастыру, ұлт санасын жаңғырту әсер ететіні сөзсіз. Осы екі бағыт бойынша қазақ тілінің әлеуетін пайдалануға шақырамын.

Бөлісу