Басты Жаңалықтар Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды

Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды

Түркияның Измир провинциясына қарасты Әлиаға ауданында орналасқан металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам опат болды. 13 адам түрлі жарақат алған. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Құтқарушылар қиранды астында қалған төрт адамды іздестіріп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, қазандықты ауыстыру жұмыстары кезінде кран үзіліп кетіп, газ құбырының үстіне құлаған. Артынша қуатты жарылыс болып, соңы алапат өртке ұласты. 1800 адам жұмыс істейтін ірі зауытта жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, тек 200 адам болған. Әйтпесе құрбандар саны әлдеқайда көп болар еді, дейді мамандар. Қазір апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, алты адам қамауға алынды.

Алпарслан Байрактар, Түркияның энергия және табиғи ресурстар министрі:

Бұл өте үлкен апат. Осы апатқа кімдер кінәлі болса, барлығы анықталып, заң алдында жауап береді. Қазір оқиғаны мамандар жан-жақты тергеп-тексеріп жатыр. Ал қаза тапқандардың отбасыларына мемлекет қажетті көмектің барлығын жасайды.

Бөлісу