Басты Жаңалықтар Мемлекеттік қызметтегі популизм тыйыла бастады

Мемлекеттік қызметтегі популизм тыйыла бастады

Соңғы 4-5 жылда мемлекеттік қызметкерлер арасындағы популизм тыйылып келеді. Рас, кезінде атаққұмарлыққа салынып, іске қосылмаған мекемені жарнамалау, жоғарыға жалған есеп беру деректері жиі кездесетін. «Популизм уақытша үміттендірудің құралы, ол мемлекеттің дамуына үлкен зиян келтіреді» дейді қоғам белсендісі Нұргүл Әметқызы. Оның пайымынша, популизм бар жерде бюджет қаржысы рәсуа болады, уәде орындалмайды, содан барып  экономикалық даму тежеледі. Мұның ақыры халықтың мемлекеттік қызметкерге деген сеніміне әлсіретеді.

Нұргүл Қайырденова, Мемлекеттік қызмет департаменті жанындағы әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі:

Лента қиып, керемет, тіпті мынау арендаға беріліп отырған, кезекпен беріліп отырған үйлердің өзін қазір әкімдер барып, лентасын қиып жатады. Ол кісілер оны ақшасына алып жатыр ғой, тегін алып жатқан жоқ. Бұл не үшін керек нәрсе? Егер беделіне жұмыс істегісі келсе, халықпен ашық сөйлесуге дайын болсын. Ашық, рас, жалған емес, ақиқатты айту керек!

Бөлісу