Астанада «Санаткер ұлт» пікірталас алаңының отырысы өтті
Астанада қоғамдағы өзекті мәселерді талқылауға арналған «Санаткер ұлт» пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдерімен қатар, Құрылтай депутаттары қатысып, пікір бөлісті. Жиында Мемлекет басшысының жаңа қоғамдық әдеп қалыптастыру жөніндегі бастамалары кеңінен талқыланды. Қатысушылар сәлемдесу әдебі, бала тәрбиесі және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру мәселелеріне қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Басқосуда айтылған негізгі ой-тұжырымдар «Егемен Қазақстан» газетінің ертеңгі санында жарияланады.
Жанарбек Әшімжан, Құрылтай депутаты:
Жекелеген адамдардың қарым-қатынасын, әдеп-ибасын, сәлемінен бастап, осы қоғамдағы жүріс-тұрыс, қоршаған орта, адамдармен қарым-қатынасына, табиғатқа деген, өздерінің әріптесіне деген, отбасына деген, мемлекетке деген жауапкершілікті сезіну осы біздің бүгінгі отырыстың негізгі талқылауына ұласты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы