Ел аумағынан шығуға қойылған шектеуді үш тәулік ішінде алып тастауға болады. Бүгін халық алдында есеп берген ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев осылай деді. Көбіне айыппұлдар азаматтардың ескі мекен-жайларына жөнелтіледі. Салдарынан борышкерлер өзінің қарыз екенін әуежайдағы кедендік тексеріс кезінде ғана біліп жатады. Бұрын қарызын өтеген тұлға 7 күн ішінде ел аумағынан шығуға рұқсат алатын. Тіпті, қарызын толық өтесе де, шектеу алынбаған кездер де болған. Егер сот орындаушысы аталған мерзімді кешіктіретін болса, онда сот орындаушыларына қатысты санкциялар қолданылады.
Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:
- Қылмыстық процесті гуманизациялауға бағытталды. Мысалы, тергеушінің шешіміне қарамай, адвокат өз еркімен сотқа шағымдана алады. Заң қабылданды.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.