Астанада «Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық моделі-2018» атты конференция өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық моделі-2018» атты конференция өтуде

22.06.2018

Астанада әлемнің 17 елінен келген 150-ден аса студент халықаралық маңызды мәселелерді талқылауда. «Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық моделі-2018» атты конференцияда жастар 5 түрлі комитетке бөлініп, күн тәртібінде тұрған өзекті сұрақтарға өз шешімдерін ұсынбақ. Іс-шараға негізінен халықаралық қатынас мамандығында оқитын жастар қатысуда. Осылайша олар ой-пікірін білдіріп қана қоймай, өздерін үлкен саясаткер ретінде де сезіне алады. Конференция 4 күнге жалғасады. 

Амина Али, Оңтүстік Африка Республикасы Претория университетінің студенті:

- Өтіп жатқан іс-шараға әлемнің әр түкпірінен жастар келіп отыр. Сондықтан да көзқарастар әрқилы. Мен Африка өңіріндегі кедейлік пен жалпы барлық елдерге жақсы таныс жемқорлық атты індетпен күресудің жолдарын ұсынамын.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу