Әлеуметтік-еңбек қатынастары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік-еңбек қатынастары талқыланды

21.06.2018

Қазақстандағы кәсіпорындар мен ұжымдарда сотқа дейінгі медиация орталықтары пайда болады. Яғни, қызметкерлер арасында қандай да бір даулы мәселе туындаса ол  татуластыру орталықтарында шешілмек.  Қазақстан кәсіподақтар федерациясы Адвокаттар алқасымен осындай меморандум бекітті.

Бүгін еліміздің Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері жөнінде конференция өткізген еді. Форумға белгілі экономистер, сарапшылар, ғалымдар мен депутаттар қатысты. Жиында жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, жастарды әлеуметтендіру тақырыптары қозғалды. Осы мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Мамандардың сөзінше, бүгінде Түркістан облысы, Алматы, Павлодар қалаларында жастар арасында жұмыссыздық деңгейі ең жоғары.                                    

Мансурхан Махамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жұмыскердің талабын арттыруымыз керек. Қарапайым жұмысшы маман болуы керек. Жақсы маман болған кезде ғана тиісті жұмысын алады. Тиісті жұмысы болса, айлығы жақсарады және отбасылық жағдайы дұрысталады деген сөз. Сондықтан, әлеуметтік қарым-қатынастағы басты мәселе – жұмысшылардың кәсіби даярлығын дайындау.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу