Түркістан қаласының облыс орталығы болуы – бүкіл халық құптарлық шешім
Сауда-саттық, ілім-білім ордасы болған, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың жаңа мәртебесін еліміздегі барша зиялы қауым өкілдері жөн көріп отыр. Айтуларынша, бұл қадам арғы тегіміздің жаңғыруы, ұлт тілегі.
Жайсаң Ақбай, тарихшы:
- Бұл тек облыс ұйымдастыру емес, елді басқаруды жеңілдету мақсатында жасалған қадам емес. Көзделген мақсат - тарихымызға терең үңіліп, ұлттық тарихымызды қалпына келтіру. «Рухани жаңғыру» жағдайында осы шешімнің дүниеге келуі сөз жүзінде емес, іс жүзінде арғы тегіміздің жаңғыруы деп білеміз. Сондықтан, бұл шешімді бүкіл халық болып қолдаймыз.
Назерке ТОҚЖАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы