Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі артады
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында елімізде салынып жатқан 8 перзентхананың бірі Шымкентте бой көтеруде. Себебі демографиялық өсімі жоғары шаһарда жылына шамамен 30 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Президент Жолдауын түсіндіру тобының мүшелері Перинаталдық орталық қызметкерлерімен кездесіп, медицина және өзге де әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Құрылтай депутаты Бахадыр Нарымбетов елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту барысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Бахадыр Нарымбетов, ҚР Құрылтайының депутаты:
Ең бастысы - халықтың арасында осы жолдауды оң қолдап жатқаны. Және де оны үлкен сеніммен қарап отырғаны бізді қуантып отыр. Себебі біз айтқан мәселелерді біз барып айтқанға көбінесе сұрақ емес, ұсыныс айтып жатыр. Бізге алдымен мектеп емес, бізге емхана салсын деген мәселелерді айтып отыр. Сондықтан елдің, халықтың пікірі бізге маңызды деп жатқаным сол.
Ақмарал Мұқашева, Шымкент қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:
Жолдауда ана мен бала денсаулығын қорғауға және емханаларды қаржыландыру көлемі ұлғайып және емхананың аймақтық дәрігерлерінің жалақысы 40 пайызға дейін өседі. Бұл медицина қызметкерлері үшін үлкен қолдау. Және осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге үлкен серпін болады деп сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы