Басты Жаңалықтар Қысқа дайындық қалай?

Қысқа дайындық қалай?

Қысқа дайындық қалай? Бүгін Елорданың құтқарушылары жиналып оқу-жаттығу жиынын өткізді. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары арнайы келіп әзірлікті жіті тексерді.

Кәрі құдаң қыстың қаһары сезілген сайын құтқарушылар қарқын қоса түскен. Барлығы табиғаттың тосын мінезіне тап болған жандарға қол ұшын беруге даяр. Астанада 1500 техника мен 500-ден астам маман бар екен. Қарапайым елдің қауіпсіздігіне азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару бөлімшелері ат салыспақ.

Арлен Бүркітбай, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

Негізгі мақсаты қысқы кезеңде қандай да бір төтенше жағдайлар болған кезде жедел ден қойып, сол төтенше жағдайларды жоюға дайындығын тексеру. Сонымен қатар өзара іс-қимыл әрекеттерімен машықтандыру. Мына бүгінгі іс шараға 60 тан астам әртүрлі техника және 100-ден астам жеке құрам қатыстырылды. 

Омбы қар түскенде омалып қалмас үшін мамандардың дайындығын қала әкімнің орынбасары арнайы тексерді. Биыл тас жолдың бойындағы төтенше жағдайларға жедел ден қою дайындығына ерекше назар аударылған. Мамандар қалың қардан шыға алмай жатқанды да, мұз үстіндегілерді де құтқаруға дайын.

Мирас Қуатбеков, құтқарушы:

Алдағы уақыттарда бұйырса бізде мұздың жұқаруы басталады. Сол уақыттарда біз арнайы техникалар қолданамыз. Әр жұмыстың оңайы жоқ. Өзіндік бір қиыншылықтары бар. Адам өмірін құтқару. Бізде жедел құтқару жасағы болғаннан кейін бізде басқа да құтқару жұмыстары өте көп. Төрт дөңгелегі тайпалмай тартатын алып техникалар, иісшіл иттер мен маторлы қайықтар сақадай сай. Қыстың қаһарана қарсы тұратын қауқарымыз бар. 

Бөлісу