Басты Жаңалықтар Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек

Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек

Енді кәмелет жасына толмаған балалар әлеуметтік желіні емін-еркін пайдалана алмайды. Тіпті жасын ұлғайтып көрсетсе де. Meta компаниясы іске қосқан жаңа жасанды интеллект жүйесі аккаунт иесінің іс-әрекетіне қарап, бірден қанша жаста екенін анықтап береді. Осылайша санаулы секундта парақша «Жасөспірім режиміне» өтіп, бұғатталады.

Сонымен бірге балалардың өміріне қауіп төндіретін, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, балағат сөздері бар және ересектерге арналған контенттер көрсетілмейді. Оған қоса, желіде отыру уақыты да шектелмек. Әзірге бұл технология Instagram-ға ғана енгізілген. Компания жыл соңына дейін Facebook пен Threads-ке де жас мөлшерін анықтау жүйесін қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ олар TikTok пен YouTube басшылығын да балалардың қауіпсіздігі үшін осындай батыл қадамға баруға шақырады.

Бөлісу