Басты Жаңалықтар Үкіметте апатқа ұшыраған жолаушылар пойызына қатысты құрылған комиссия жұмысының алғашқы қорытындылары тыңдалды

Үкіметте апатқа ұшыраған жолаушылар пойызына қатысты құрылған комиссия жұмысының алғашқы қорытындылары тыңдалды

Үкіметте Шу станциясы маңында апатқа ұшыраған «Астана-Алматы» жолаушылар пойызына қатысты құрылған комиссия жұмысының алғашқы қорытындылары тыңдалды. Белгілісі, жол сапасы осы айда тексерілген. Ондағы жылдамдық сағатына 100 шақырымға арналған, ал, апат болған пойыз  бұл жылдамдықты асырмаған. Қазір ұлттық оператор көлік тасымалы және байланыс академиясының және ресейлік Темір жол көлігі ғылыми институтының мамандарын шақыртып, апатқа қатысты зерттеу жүргізуде. Сондай-ақ, арнайы сынақ жасалып, жолаушылар пойызы мен жүк пойызы түйісіп қалуы мүмкін деген жорамал да жоққа шығарылды. Комиссия осы айдың соңына дейін жұмыс істейді. Үкімет басшысы қаза болған жасөспірімнің ата-анасымен жақындарына көңіл айтып, аталған мәселені жеке бақылауына алатынын жеткізді. 

Роман Скляр, Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары:

- Сирек кездесетін апат. Вагондар әдеттегідей бұрылыста емес тура жолда құлаған. Сондықтан да апаттың себеп-салдарын ресейлік және отандық мамандар зерттеуде. Оның қорытындысын көп созбай жариялайтын боламыз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу