Басты Жаңалықтар «Цифрлы Қазақстан» жобасының игілігін енді студенттер де көре алады

«Цифрлы Қазақстан» жобасының игілігін енді студенттер де көре алады

Тараздағы Жамбыл политехникалық колледжінде «Автоматтандырылған мемлекеттік қызмет» орталығы ашылды. Енді қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін оқу ордасынан шықпай-ақ алуға болады. Ол үшін осы орталыққа оқу құжаттарын, жатақханаға орналасу өтініштерін, сондай-ақ, әртүрлі анықтамалар алуға сұраным қалдырса болғаны. Мамандар арнайы бағдарламаны қолдана отырып, халыққа қызмет көрсету орталығымен байланысқа шығады. Орталықта әзірге 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл - тек студенттерге ғана емес, оқытушыларға да уақытын үнемдеп, құжаттарды дер кезінде рәсімдеуге мүмкіндік береді. 

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу