Биыл 30 мың адам жас кәсіпкер атанады
«Бастау» кәсіпкерлікті қолдау жобасына биыл 62 млрд. теңге бөлінді. Шағын несиенің көбін еліміздің ауыл-аудандарында тұратын тұрғындар иемденеді. Бүгін «Атамекеннің» 7-ші съезі аясында өтіп жатқан форумда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев осылай деді. Осы бағдарламаға сай, 30 мың адам бизнес бастауды тыңнан оқып, ой көкжиегін кеңітпек.
«Атамекен» адам капиталын дамыту мәселесіне де жіті мән береді. Биылдан бастап еліміздің барлық мектептерінің 7-сынып оқушылары арнайы сын тапсырады. Ол жерде жеткіншектің қабілеті сарапталады. «Мәселен, жыл сайын мектептен кейін 21 мың бала не оқуға түспей, не жұмысқа орналаспай далада қалады», -дейді ұйымдастырушылар.
Эльдар Жұмағазиев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:
- Келесі оқу жылынан бастап барлық 7-сынып оқушылары диагностикадан өтеді. Бұл біздің ұсынысымыз. Екінші мәселе мамандандырылған мектептер. Қазір дүниежүзі соған көшіп жатыр.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы