Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың тетіктерін қарастыру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың тетіктерін қарастыру қажет

19.06.2018

Елімізде жыл сайын созылмалы аурулардың саны артуда. Оны емдеуге кеткен шығындардың  көлемі жалпы жұмсалатын қаржының 41 пайызын құрайды. Бұл қарапайым халықтың қалтасына салмақ. Сондықтан, денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың тетіктерін қарастыру қажет.

Бүгін елордада 15 елдің сарапшылары қатысқан халықаралық конференцияда осы мәселе жан-жақты қаралып, шетелдік меймандар өз тәжірибелерін ортаға салды. Солардың бірі  P4H ғаламдық желісі. Қазақстан бұл тізімге өткен жылы енгізілді. Ендігі кезекте медициналық сақтандырудан бөлек, жеңілдіктер пакеті, үстеме ақылар, қаржылық секторды үнемдеу мәселелері ортақ негізде талқыланатын болады.

Зарина Темекова, ДСДРО экономика орталығының жетекшісі:

- Жалпы, денсаулық саласына жұмсалатын қаржының сомасы ЖІӨ 3,4 пайызын ғана құрайды. Бұл ЭДЫҰ мүше елдерімен салыстырғанда 3 есе төмен. Ол қарапайым халықтың қалтасына ауыртпашылық тигізеді және де олардың кедейлік деңгейіне түсуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан да бүгінгі өткізіліп отырған іс-шара сол мәселелерді шешуге бірден-бір себеп болады деген үміттеміз.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу