Жыл сайын қалааралық бағытта 120-дай жол-көлік оқиғасы тіркеледі
Трассадағы адам тасымалы қауіпті болып барады. Жыл сайын қалааралық бағытта 120-дай жол-көлік оқиғасы тіркеледі екен. Оның ішінде кісі өлімі болатын апаттар да аз емес. Мәселен, жүгенсіз жүргізуші немесе қоғамдық көліктердің техникалық ақаулары кесірінен орта есеппен 70 адам көз жұмады. Сондықтан, құқық қорғау органдары бірлесіп, сәуірден бастап күре жолда тексерісті күшейтті. Кезекті рейд кезінде қауіпсіздік құралынсыз да, рөлге отыру құжатынсыз да жүргендер анықталды.
Ережені ескермеген екеуі де кінәлі. Сондықтан, олардағы жоқтың орнын әкімшілік хаттама толтырды. Бірақ, жаза жеңіл. Сол үшін жолын ешкім кескестемеді. Олар оңай құтылғанмен кейінгі жүргізуші оңбай тұтылды.
Табиғат аясында демалуды жоспарлаған дәрігерлер де, студенттер де жолда қалды. Өйткені, қос көлік жүргізушісінің жолаушылар тасымалдауға рұқсаттамасы жоқ. Олар айыппұл арқалады, ал, көліктері айып тұраққа жабылды.
Ернұр Балапанов, медициналық колледж оқытушысы:
- Мәселе біздің білмеуімізде шығар. Өйткені, халыққа ақпараттандыру да аз болып жатыр. Бізді тасымалдайтын көліктің қандай құжаттары болу керектігін білсек, мұндай жағдайға тап болмас едік. Енді барлық студенттердің көңіл-күйі түсіп қалды.
Қалааралық бағытта қатынайтын жүргізушінің құжаты мен құралы толық болуы тиіс. Яғни, адамның ахуалын және техниканың жағдайын өлшейтін құрылғы тахограф деп аталады. Сондағы мынадай дискі тәріздес материал күнде жаңаланып тұруы тиіс.
Сәуірден бастап трассада тексеріс күшейді. Себебі, құқықбұзушылық саны жыл басынан бері 2000-нан асқан. Ішіндегі өрескелі: бір адам мас күйде көлік басқарса, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен 5 оқиға тіркелді. Еңбек және демалыс уақыты талаптарын 40 адам сақтамады. Тіпті жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус парктерінің 130 лауазымды тұлғасына айыппұл салынды.
Дәулет Атошев, Астана қалалық көліктік бақылау инспекциясы бөлімінің бас маманы:
- Жалпы, халықтан сұрайтынымыз шындықты айту. Қаншаға жалдап келе жатқанын, қайда бара жатқанын. Өйткені, өздері жылдам жету мақсатында шындықты айтпайды. Соның кесірінен өздерінің өмірінің жолын кеседі.
Әрине, рейд кезінде жол жүру ережесін қатаң сақтап жүргендер де кездесті. Бірақ, тым аз.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы