Онда жазушы-журналист, белгілі суретші Жұмат Әнесұлының шығармалары қойылған. Қылқалам шеберінің түрлі жанрда салған 42 туындысы көпшілік назарына ұсынылды. Тақырыпқа сай суреттерде алып шаһардың көрікті жерлері майлы бояу және гуашьпен бейнеленген.
Сондай-ақ, ұлтқа еңбегі сіңген тарихи тұлғалар мен ақын-жазушылардың портреттері де бар. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Жұмат Әнесұлы, суретші, жазушы-журналист:
- Алматының көрікті жерлерін салмаған суретші аз да, көп те емес. Бірақ, мен өзімше, ешкімге ұқсамайтын Алматының көркем жерлерін, табиғатын көрсетуге тиісті едім. Сол парызымды орындадым деп ойлаймын.
Аманкелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.