Коммуналдық сала сандық жүйеге көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коммуналдық сала сандық жүйеге көшеді

15.06.2018

Биылдан бастап Астананың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы сандық жүйеге көшеді. Қанатқақты жоба тек елорда емес, еліміздің барлық өңірін де қамтиды. Бірыңғай ақпараттық жүйе бойынша әр пәтер жаңа есептегіш құралмен жабдықталады. Сөйтіп, тұтынылатын жылу, электр, су көлемі үнемделіп, мөлшеріне талдау жасалады. Сондай-ақ, киберқауіпсіздік, медицина, қоғамдық тәртіп, көлік секілді сан салада смарт-технологиялар енгізіледі. Сандық жүйенің маңызы «Нұр Отан» партиясының сарапшылық талқылауында қаузалды. 

Мейіржан Майкенов, «Казцентр ЖКХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын сандық жүйеге көшіру мақсатымен барлық әкімдікпен бірігіп, 16 аймақтық жол картасына қол қойылды. Жыл соңына дейін бірыңғай жүйеге 15 мыңнан астам пәтер қосылады. Жобаға 50-ден астам басқару компаниясы мен 60-қа жуық табиғи монополиялар субъектісі қатысады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу