Басты Жаңалықтар Еліміздегі төрт жетекші медицина орталығының 30-дан астам маманы марапатталды

Еліміздегі төрт жетекші медицина орталығының 30-дан астам маманы марапатталды

Дәрігерлердің кеудесіне «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі» үшін және «Сала үздігі», «Сала ардагері» сияқты төсбелгілер тағылды. Қатарында Құрмет грамоталарын алғандар да бар. Ақ халаттылар «Республикалық диагностикалық орталық», «Ана мен бала», Балаларды оңалту орталығы, «Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталықтарында» жұмыс істейді. Медициналық ұйымдар ашылғалы шетелдерде ем-дом алатын науқастар азайды. Себебі, аталған орталықтардағы мамандар халықаралық тәжірибедегі озық әдіс-тәсілдерді көптеп енгізіп, кеңінен қолдана бастады.  

Лилия Хасанова, «Республикалық диагностикалық орталығының» бөлімше меңгерушісі:

- Әрине, бүгін көңілді күйде тұрмыз. Осылай еңбегімізді елеп, марапаттап жатқанына қуаныштымыз. Дәрігерлердің жұмысы өте қиын. Бірақ, соған қарамастан, ода әрі қарай да аянбай еңбек ете берсін дегім келеді. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу