«Үлкен Еуразияның ақпараттық үлгісі: Еуразиялық кеңістікте болашақ медианың қалыптасуының рөлі». Алматыда осындай атаумен ауқымды медиа-форум өтті.
Оған отандық мамандар мен Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей сияқты мемлекеттердің өкілдері, медиа сарапшылары, журналистері қатысты. Алқалы жиын барысында қазіргі таңдағы ақпарат саласындағы журналистер жіберетін өрескел қателіктер, кем-кетіктер талқыланды.
Сондай-ақ, жас мамандар кәсіби жолын қалай бастауы тиіс деген сауал төңірегінде жан-жақты пікірталас болды. Жиналғандар оқырманның көңілінен шығудың жолдары мен барынша шынайы ақпарат берудің жолдарын да қарастырды.
Дарья Чижова, Мәскеу мемлекеттік университеті ақпараттық-сараптамалық орталығының бас редакторы:
- Жалпы, бұл Орталық Азия медиа-форумының негізгі мақсаты - әртүрлі бағытта жұмыс істейтін журналистерге мүмкіндік беру. Осы жерде олар бір-бірімен тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіре алады. Бүгінде кейбір баспаларда адамды таңғалдыратын жалған ақпараттар жиі шығатыны өтірік емес. Сондықтан, осы форумда кәсіби біліктілігімізді қалай жоғарылата аламыз деген үлкен мәселе қозғалып отыр. Сонымен қатар, бұл жиынға кәсіби жолын енді бастаған жас журналистер де қатысып жатыр.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.