Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
Еліміздегі ең жас шаһар – Алатау қаласы құрылыс саласына тың серпін бермек. Мұнда баспана сатып алушылар мен құрылыс компанияларына салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Соның арқасында пәтер бағасы өзге өңірден қарағанда әлдеқайда арзан болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен құрылыс саласы мамандарының жиынында айтылды. Сарапшылар Президент тапсырған Халықтық құрылыс міндеттері, жаңа қаланың әлеуеті мен саладағы мүмкіндіктерді де талқылады. Ал ауқымды құрылысты сапалы жүргізу үшін қаржы ғана емес, білікті маман мен тәжірибе де қажет. Осы мақсатта «ALATAU CIRCLE SUMMIT» алаңы құрылып, оған 300-ден астам компания мен кәсіпкерді жинау жоспарланып отыр. Осы айдың соңында сала мамандары Алматыда жиналып, заманауи технологиялар, құрылыс сапасы, заңнамадағы өзгерістер және инфрақұрылымдық жобаларды талдамақ.
Тимур Нұртаев, «Қазақстан құрылысшылар одағы» Алматы филиалының директоры:
Алатау қаласында өндірілген өнімнен бастап, сатылған үйге дейін салықтан босатылады. Бұл баспана құнын төмендетуге, инвестор тартуға ықпал ететіні сөзсіз. Бұдан бөлек, жаңа шаһарда білім беру орталықтары мен өндіріс орындары көптеп бой көтермек. Яғни, мұнда азаматтардың білім алып, баспаналы болуына әрі жұмыс таба алуына мол мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы