Басты Жаңалықтар Шенеуніктер қатарына жаңа бірлік қосылады

Шенеуніктер қатарына жаңа бірлік қосылады

Жаңа шенеунік. Күзге қарай әр мемлекеттік органда азаматтық қоғаммен байланыс бойынша уәкілдер пайда болмақ.

Міндеті үкіметтік емес ұйымдар мен атқарушы билік арасындағы серіктестікті бекіте түсу. Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтың айтуынша, жаңа қызмет жаңа штаттық бірлік дегенді білдірмейді. Жұмыс мемлекеттік органдағы лауазымды басшылардың біріне жүктеліп, қосымша атқарылатын болады. 

Абзал Нүкенов, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі:

- Менің ойымша, бұл азаматтық қоғамды дамытуға үлкен серпіліс беретін дүние. Сондықтан, мемлекеттік органдарды да, азаматтық қоғам өкілдерін де осыған белсене атсалысуға шақырамын.

Еліміздегі әлеуметтік бастамалардың дені мемлекет есебінен қаржыландырылады. Мәселен, тек биыл әлеуметтік жобаларға ел қоржынынан 20 млрд. теңге бөлінді. Ақша мақсатты жұмсалып, жұмыстың нәтижелі аяқталғанын бақылау да күшейтілмек. Бұл үшін арнайы әдістеме енгізілген. Жобалардың барысы мен қорытындысын тек тапсырыс беруші мемлекеттік органдар ғана емес, азаматтар мен сол салаға қатысы бар басқа да үкіметтік ұйымдар бірігіп бағалады.

Маралбек САҒЫНҒАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу