«Нұр Отан» партиясының мүшелері өзгелерге үлгі болуы тиіс
Партия мүшелері өзгелерге үлгі болуы тиіс. Алайда бұл қағида қатаң сақталмаған сыңайлы. 2017 жылы «Нұр Отан» партиясына мүше азаматтары арасында 240-тан астам тәртіпбұзушылық тіркелді. Тексеріс кезінде олардың 70 пайызының жемқорлық оқиғасына қатысы бар екені анықталған. Заңсыз пара алып ұсталған қызметкерлер партия мүшелігінен бірден шығарылды. Былтыр болған мұндай олқылықтар биыл қайталанбауы тиіс. Бармақбастылыққа мойын бұрып, заңсыздыққа жол бергендерге партиядан орын жоқ.
«Сондықтан, бақылауды күшейтіп, жұмыстың жүйелі болуын қадағалау қажет», - дейді партия хатшысы Қаныбек Жұмашев.
Айта кетелік, қазіргі таңда 1 миллионға жуық қазақстандық «Нұр Отан» партиясына мүше.
Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
- Жемқорлықпен ұсталғандар ғана емес, партиямен байланысты үзгені үшін, мүшелік жарналарын төлемегені үшін, этиканы бұзғаны үшін, дөрекі іс-әрекеттері үшін де партия қатарынан шығарылады. Осы бағытта соңғы бес жылда шамамен 25 мың адам партия қатарынан шығарылды.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
