Қарағандыда ферроқорытпа зауыты іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда ферроқорытпа зауыты іске қосылады

14.06.2018

Қазақстанның өнеркәсіп орталығы саналатын Қарағандыда ферроқорытпа зауыты іске қосылады. Қазақ-қытай кәсіпкерлерінің іскерлік кеңесінде осыған қатысты арнайы келісімдер жасалды. Зауыт құрылысының бас мердігері Қытайдың «Синестил» компаниясы. Металлургиялық пештерді салуда және оған сервистік қызмет көрсетуде аталған компанияның тәжірибесі мол. Жалпы, бұл жобаның аймақ үшін маңызы аса зор. Өйткені, өңірде өндіріске қажетті қор жеткілікті. Осы зауыттың арқасында еліміз ферросилиций өндіруші елдердің алғашқы легіне енбек. Өндіріс ошағы инновациялық технология бойынша бой көтереді. Сондай-ақ, қазақстандық тарап ең алдымен зауыттың экологиялық тұрғыдан таза болуын талап етуде.

Талғат Мақаев, Қарағанды кешенді қорытпа зауытының бас директоры:

- Әлемдегі ферроқорытпа өндіретін және қолданатын нарықтың 50 пайызы Қытайдың еншісінде. Осыған қарап-ақ, Қытайдың металлургия саласындағы қаншалықты үлкен нарық екенін бағамдай беріңіз. Қазақ-қытай іскерлік кездесуінде біз стратегиялық серікестік туралы келісімге қол қойдық. Қазақстандық ферроқорытпаны Қытай нарығына шығару мәселесін талқыладық. Енді Қазақстан жылына 100 миллион доллардың өнімін Қытайға экспорттайтын болады.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу