Астанада «Altyn Shipager» алғашқы медициналық сыйлығы берілді
Астанада «Altyn Shipager» атты алғашқы медициналық сыйлықтың иегерлері анықталды. 1 миллион теңгелік сертификат пен 24 каратты алтын лавр жапырағы бедерленген мүсін 12 аталым бойынша табыс етілді. «Медицинаның дамуына қосқан үлесі үшін», «Жыл дәрігері», «Үздік эпидемиолог», «Мамандығына адалдығы үшін», «Цифровизация көшбасшысы», «Бірегей операция жасағаны үшін» және басқа да жүлделер өз иелерін тапты. Сондай-ақ, астаналық 6 дәрігерге қала әкімі Әсет Исекешев жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Медициналық қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шара әдемі ән, театрландырылған көрініспен айшықталды.
Серік Ақшолақов, нейрохирург-дәрігер, «Altyn Shipager» алғашқы медициналық сыйлығының иегері:
- Барлық әріптестерімді, осындай өте ауыр салада қызмет етіп жатқан дәрігерлерді, медбикелерді мерекемен құттықтағым келеді. Дәрігер - ол да адам. Бірақ, оның көңіл-күйі, ойы адамдарды емдеуге жұмсалады. Адамдар үшін қызмет етеді.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы