Елімізде әуе жүк тасымалы жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әуе жүк тасымалы жеңілдейді

14.06.2018

Әуе жүк тасымалындағы қағазбастылық азаяды. Көлік саласын цифрландыру бағытында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша алғашқы жоба іске асатын болды. Инвестициялар және даму министрлігі мен бірлескен кәсіпорын арасында бүгін арнайы келісімге қол қойылды. Жаңа құжат әуе жүк тасымалындағы жұмыстарды жеңілдетеді. Мысалы, бұған дейін кәсіпкерлер жүктерін тіркету үшін 30-ға жуық құжат жинап, бірнеше күн уақытын жоғалтатын еді. Енді бұл үрдіс айтарлықтай азаяды. 20 құжат қысқарып, уақыт мерзімі 1 сағатқа дейін төмендейді. Жобаның жалпы құны - 3,3 миллиард теңге. Бұл бастама «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалып отыр.

Талғат Ластаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы:

- Транзиттік потенциалды арттыру үшін кәсіпкерлрге үлкен жеңілдік болады.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу