Алматыда 153 мың борышкер салықтан жалтарып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 153 мың борышкер салықтан жалтарып жүр

13.06.2018

Алматыда 153 мың борышкер көлік пен мүлік салығын төлеуден қашып, жалтарып жүр. Олардың мемлекет қазынасына берешегі 5,5 млрд. теңгеден асады.

Сондықтан, қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мен жеке сот орындаушылар бірлесіп, қыруар қарызды қайтаруға кірісті. 

Қазір 12 мың жеке тұлғаға шетелге шығуға әрі мүліктерін қолдануға шектеу қойылды. Сондай-ақ, олар енді банктік есепшотты да пайдалана алмайды. Мамандардың сөзінше,  ірі мегаполисте салық берешегін белгіленген мерзімінен кешіктіріп төлейтіндер азаймай тұр.

Қуаныш Түменбаев, Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл азаматтардың барлығына салықтық қарыздар төлеу жөнінде хабарламалар берілген. Алайда, олар  әртүрлі сылтаулар айтып төлемей келген. Енді біз бұл азаматтардың барлығына қатаң шара қолданамыз.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу