Елорданың 20 жылдығы қарсаңында қазақстандық альпинистер мен БАҚ өкілдері 20 шыңға экспедиция жасайды
Астананың 20 жылдығы қарсаңында қазақстандық альпинистер мен БАҚ өкілдері 20 шыңға экспедиция жасайды. Бұл туралы бүгін «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев хабарлады.
Аталған шараға Мақсұт Жұмаев, Бағлан Жүнісов, Артем Скопин секілді танымал альпинистер мен журналистер қатысады. Олар Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Өгем жотасы, Орталық Тянь-Шань тауларына шығады. Бұдан бөлек, елорданың 20 жылдығына орай 20 табиғи мекенге экспедиция ұйымдастырылады. Ол 6 бағытты қамтиды. Бұл шаралар қасиетті орындар мен ішкі туризмді дамытуға бағытталған.
Рашид Күзембаев, «Қазақ туризм» ҰК АҚ Басқарма төрағасы:
- Осы екі шара да келесі айда басталады. Әр топқа он шақты адам кіреді. Экспедиция уақыты он бес күндей.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы