Балқаш қаласында жабылып қалған бассейн араға 8 жыл салып, қайта іске қосылды. Ол үшін жергілікті кәсіпкер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 166 миллион теңге жұмсаған. Кешеннің жалпы ауданы 2900 шаршы метр. Мұнда дзюдо күресі мен би залы да жұмыс істейді. Ал, бассейннің ұзындығы 25 метр болса, тереңдігі 2 метрден асады. Бұған дейін тұрғындар Шашубай кентіндегі шипажайдың бассейніне баруға мәжбүр еді. Ол қашықтау болатын. Енді мүгедек жандар мен 7 жасқа дейінгі балаларға бассейнге кіру тегін. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен зейнеткерлер де тек 50 пайызын төлейді.
Ғазиз Минапас, спортшы:
- Өте қуаныштымыз. Осы күнді көп күттік. Бұрын Профилакторий деген жерге барып жүзетінбіз. Ол жақтың бассейні кішкентай. Мұндағы бассейн үлкен, жақсы.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
