Басты Жаңалықтар Биыл 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылады

Биыл 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылады

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев мәлімдеді. Оның сөзінше, мүгедектерді жұмысқа алу үшін компанияларға арнайы субсидия бөліне бастаған. Яғни, 1 азамат үшін 127 мың теңге төленеді. Вице-министр электронды еңбек биржасының жұмысы жайын да айтты. Портал арқылы 5 ай ішінде 112 мың адам еңбекпен қамтылған. Бүгінде сайтта 35 мың бос жұмыс орны жарияланып тұр.

Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Электрондық биржаларға бірқатар кәсіпорын өз вакансияларын көрсетіп, біз мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жұмысқа алуға дайынбыз дегенді қарастырып жатыр. Қазір 7 кәсіпорын біздің электрондық биржада өз вакансияларын көрсетіп қойған.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу