Қазақстанда бидайдан мата, пластик, полимер өндірілмек
Қостанай облысында автобус, жүк көліктері, электромобильдер құрастырылатын болады. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысында осындай жаңа жобаға қол қойылды. Нақтырақ айтсақ, трактор өндіретін ірі қытайлық компания мен қазақстандық «Агромашхолдинг» арасында меморандум бекітілді. Жаңа бастамаға 1 миллиард доллардан астам инвестиция құйылмақ. Сарапшылардың пікірінше, Бейжіңдегі кездесудің нәтижесі еліміз үшін табысты болады.
Әсел Назарбетова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:
- «Самұрық-Қазына» холдингінің іскерлері осы келісімдерді жасауға атсалысты. Бұл экономиканың жаңа бағытын – биотехнологияны, жаңа өнеркәсіп түрлерін, инновациялық технологияларды дамытуға Қазақстан экономикасына өте үлкен септігін тигізеді. Себебі, бұл бағытта Қытай Халық Республикасының тәжірибесі мол.
Сондай-ақ, осы іскерлік кездесудің барысында отандық және қытайлық кәсіпкерлер арасында тағы үлкен келісімшартқа қол қойылды. Қазақстан енді бидайдан мата, пластик және полимер металл өндірмек. Бұл үшін көрші елдің озық технологиясы қолданылады. «Kazakh Invest» компаниясы бекіткен келісімшарт жүзеге асса, Қазақстан тың технологияны игерген әлемдегі екінші мемлекетке айналады. Жобаға 2,5 миллиард доллар инвестиция салынады. Соның нәтижесінде экспортқа шығатын өнім көбейіп, 2,5 миллион тонна қазақстандық бидай қолданылмақ.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы