Мәжілісмендер Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісмендер Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне барды

12.06.2018

Алматыда Мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылығы кадрларының даярлығымен танысып, өңірдегі бірқатар өнеркәсіпті аралады.

Мәжілісмендер ірі мегаполистегі ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жетекші оқу орны Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде болды. 90 жылдық тарихы бар білім ордасында 10 мыңға жуық тәлімгер білім алады. Оның ішінде 150 PhD доктарант, 1315 магистрант, 8543 бакалаврит бойынша оқиды. Қазір еңбек ұжымы өндірістік тәжірибені 7 айға дейін ұзартқан. Жаңа жүйеге сай, студенттер теориялық білімін зертханаларда тәжірибемен ұшастастырады. Осылайша, олар оқуын аяқтаған соң кәсіпорындарға дайын маман ретінде барады.

Сапархан Омаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы:

- Қазақстанда бүгінгі күні табиғи жағдай да, жер де бар. Ауыл шаруашылығын дамытуға барлық жағынан мүмкіндігіміз бар. Тек қана соған зер салып, айналысуымыз керек. Соның ішіндегі ең басты мәселе - адами фактор. Ең басты мәселе - мамандар даярлау.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу