Қарағандыда мешітте ұрлық жасаған бұзақы іздестіріліп жатыр
Ұры жұрт сәждеге бас қойған сәтте лезде бейтаныс жанның сөмкесін алып, тайып тұрған. Ал, намаздан кейін 23 жастағы студент дүниесін таппай жер сипап қалды. Қолды болған сөмкеде киім-кешегі, ақшасы, құжаттары мен ұялы телефоны болған. Тәртіп сақшылары осыдан бес күн бұрын ұрлық жасап, бет-әлпеті камераға анық түсіп қалған ұрыны әлі таба алмай жатыр.
Еламан Бейсе, зардап шегуші:
- Алланың үйі мешітте бұлай жасайды деп ойлаған жоқпын. Мешіт қызметкерлері ол азаматтың туберкулезбен тіркеуде тұрғанын айтты. Анда-санда мешітке келіп тұрады екен. Бірақ, полиция қызметкерлері оны танымаймыз деп отыр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы