Алматыда Мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылығы кадрларының даярлығымен танысты
Алматыда Мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылығы кадрларының даярлығымен танысып, өңірдегі бірқатар өнеркәсіпті аралады.
Мәжілісмендер ірі мегаполистегі ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жетекші оқу орны Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде болды. 90 жылдық тарихы бар білім ордасында 10 мыңға жуық тәлімгер білім алады. Оның ішінде 150 PhD доктарант, 1315 магистрант, 8543 бакалаврит бойынша оқиды. Қазір еңбек ұжымы өндірістік тәжірибені 7 айға дейін ұзартқан. Жаңа жүйеге сай, студенттер теориялық білімін зертханаларда тәжірибемен ұшастастырады. Осылайша, олар оқуын аяқтаған соң кәсіпорындарға дайын маман ретінде барады.
Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:
- Мақсат - ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту. Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін ұлғайту. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері - алдымызда тұрған ең өзекті міндеттер.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы