«Өспейтін елдің баласы, өнбейтін дауды қуады». Елімізде соңғы 10 жылдың ішінде 3 миллонға жуық арыз сотқа түскен. Бұл дау-шардың екіжақты байланыстан тұратындығын ескерсек, орта есеппен 6 млн. адам сот залының табалдырығын тоздырды деген сөз. Алматыда өткен «Татулық: сотқа дейін, сот кезінде» атты басқосуда Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен осылай деді. Оның сөзінше, жыл сайын дау-жанжалдың кесірінен әрбір үшінші отбасының шаңырағы шайқалып, некелері бұзылады. Ал, зиялы қауым өкілдері ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейетіндігін айтты. Сондықтан, олар аудан әкімдіктерінің қарамағындағы ардагерлер кеңесін - билер кеңесі етіп өзгертуді ұсынды.
Сағатбек Сүлеймен, ҚР Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі:
- Болмашы себептермен сотқа жүгіне берсек, ағайыншылықтан, бауырмалдықтан, көршіліктен айырыламыз. Әлеуметтік дауларды қайткенде де азайтуымыз керек. Дауласушы адамдарға ақыл-кеңес беру үшін татуласу орталықтарын ашпақшымыз.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.